Ақырында Құдай Ілиясқа қайта жаңбыр жіберетінін хабарлайды. Сонда Құдай Ілиясқа Исраилге қайтып, Ахаб патшаға баруын бұйырады. Ілияс патшаның алдына келді. Абах патша оны көргенде: "Міне, Исраилді қасіретке ұшыратқанның өзі" - дейді. Ілияс оған жауап қайтарып: "Исраилді қасіретке ұшыратқан ол - сенсің! Сен шынайы Құдайды, Жаратқан Иені тастап, Бағалға табынып кеттің! Исраил тұрғындарының барлығын және Бағалдың жалған пайғамбарларын Қармил тауына жина" - деді.