Таңертең адамдар құрбандық үстелінің бұзылғанын көргенде қатты ашуланып, Гедеонды өлтіру үшін оның үйіне барады. Сонда Гедеонның әкесі: "Сендер неге өздеріңнің құдайларыңды қорғауға тырысып жатырсыңдар? Егер ол шын құдай болса, онда өзін-өзі қорғасын!" - дейді. Мұны естіген халық Гедеонды өлтіру райларынан қайтты.