"Жалған тәңір бейнелерін жасап, оларға бас иіп табынба. Өйткені Мен Жаратқан Иемін, Өзімнен басқа тәңірлерің болмасын. Менің атымды орынсыз аузыңа алма. Сенбі күн - Маған бағышталған қасиетті күн екенін естеріңнен шығармаңдар. Басқаша айтқанда, алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер, ал жетінші күні демалып, Құдай Иең туралы терең ойланатын бол."