Бір күні Есау аң аулап, үйге қарны ашып келеді. Ол Жақыпқа: "Маған пісіріп жатқан тамағыңнан берші" - деп өтінді. Жақып оған: "Сен алдымен маған өзіңнің тұңғыштық жолыңды беремін деп уәде бер" - деді. Есау Жақыпқа тұңғыштық жолын беруге келіседі. Сонда Жақып оған пісірген тамағынан ұсынады.