Жүздеген жылдардан кейін Құдай Ыбырам деген адамға келеді. Құдай оған: "Ыбырам, еліңді және туған-туыстарыңды тастап, Мен көрсеткен жерге бар. Мен саған ақ батамды беремін және сенен ұлы халық өрбітіп шығарамын. Сенің есіміңді ұлылыққа бөлеймін. Саған батасын бергендерді жарылқаймын, сені қарғағандарды қарғаймын. Жер бетіндегі бүкіл халықтар сен арқылы Менің ақ батама ие болады".