Sherzat_kk_obs_text_obs/44/09.txt

1 line
714 B
Plaintext
Raw Normal View History

Жиналған жұрттың барлығы Петір мен Жоханның батылдығына таң қалды. Алдарында тұрған қарапайым оқымаған адамдар екенін көрді, бірақ кейін оларды Исаның қасынан көргендерін естеріне түсірді. Сонда діни қызметшілер мен рубасылар Петір мен Жоханға: "Егер Иса деген адам туралы айтқандарыңды тоқтатпасаңдар біз сендерді жазалаймыз" деді. Осылай Петір мен Жоханды қорқытып, жөндеріне жіберді.