Құдай Ілиясқа шөл далаға барып, Ахабтан жасырынып қал деді. Ол Құдай көрсеткен бір сайдың маңына барды. Күн сайын таңертең және кеште қарғалар оған нан мен ет әкеліп отырды. Сол уақытта Ахаб пен оның әскері Ілиясты қанша іздесе де оны таба алмады.