Sherzat_kk_obs_text_obs/48/03.txt

1 line
679 B
Plaintext
Raw Normal View History

Осы күнәнің кесірінен Адам ата мен Хауа ана Оның еркіне бағынғысы келмей, Құдайдың жауына айналды. Сол уақыттан бастап әрбір адам Адам ата мен Хауа ананың ұрпағы болғандықтан күнәһар болып туылады. Ол Құдайға және Оның еркіне қарсы. Адамдар мен Құдайдың арасында татулық жоғалды. Бірақ Құдай адамдармен әуел баста болған қарым - қатынасты әрдайым қайтарғысы келіп жүрді.