Sherzat_kk_obs_text_obs/45/03.txt

1 line
1021 B
Plaintext
Raw Normal View History

Бас діни қызметкер Степаннан: «Бұл адамдар сен туралы шындықты айтып жатыр ма?» — деп сұрады. Степан бас діни қызметкерге Құдай Ыбырайымның заманынан Исаның заманына дейін Исраил халқы үшін көптеген кереметтер жасағанын айтты. Бірақ адамдар Құдайды тыңдағысы келмеді және Оның еркіне қарсы әрекет етті. Степан: «Ей, қасарысқан, Құдайды тыңдамайтын адамдар! Ата-бабаларың Құдайдан бас тартып, Оның пайғамбарларын өлтіргендері сияқты сендер де Киелі Рухтан бас тартып жатырсыңдар. Бірақ сендер олардан да асып түстіңдер! Сендер Мәсіхті өлтірдіңдер!» - деді.