Құдай Исаны өлімнен тірілткен күні шәкірттердің екеуі көрші ауылға бара жатты. Жолшыбай олар Исамен не болғаны туралы және Исраил елін Құтқарушы Мәсіх - Иса деп үміттенгендері туралы сөйлесті. Алайда Оны өлтіріп тастады. Соған қоса қабірге барған әйелдер Оның тірі екенін айтып келді. Енді шәкірттері не нәрсеге сенетіндерін білмеді.