Sherzat_kk_obs_text_obs/04/09.txt

1 line
858 B
Plaintext
Raw Normal View History

Содан кейін Құдай Ыбыраммен келісімге тұрды. Негізі келісім адам мен адам арасында бір міндеттерді орындау мақсатында жасалады. Бірақ осы жолы Құдайдың Өзі Ыбыраммен келісімге тұрып, оған мұрагері болатын ұл сыйлаймын деп уәде берді. Құдай осы келісіммен бірге Қанахан жерін Ыбырамның ұрпағының иелігіне берді. Содан кейін түсінде Құдай Ыбырамның ұрпағымен не болатынын көрсетті. Бұл жайттардан кейін арада біраз жылдар өтті, бірақ Ыбырамда әлі де мұрагер туылмады.