Сол халықтың ішінде әйелдер мен балаларды есептемегенде 5000-нан астам адам болды. Иса бұл адамдарға қатты жаны ашып кетті. Иса үшін олар бағушысы жоқ қойлар сияқты болды. Сондықтан Ол оларға көп нәрсені үйретіп, ауырғандарды сауықтыра бастады.