Sherzat_kk_obs_text_obs/40/09.txt

1 line
540 B
Plaintext
Raw Normal View History

Содан кейін яһуда кеңесінің мүшесі Жүсіп пен парысшыл Нікөдім екеуі Пилатқа келіп Исаның мәйітін сұрады. Олар Исаның Мәсіх екеніне сенді. Жүсіп пен Нікөдім Исаның мәйітін кебінге орап, жартаста үнгіп жасалған қабірге апарып қойды. Бұдан кейін қабірдің кіреберіс аузын үлкен таспен жауып қойды.