Sherzat_kk_obs_text_obs/21/07.txt

1 line
966 B
Plaintext
Raw Normal View History

Исраилдің діни қызметкерлері халық үшін дұға етіп, халықтың атынан құрбандық алып келді. Осы құрбандықтар адамдардың күнәларына бола келетін жазадан құтқару үшін берілетін. Адамдар діни қызметкерлерге мінсіз малдарды алып келді, ал діни қызметкерлер ол малдарды Құдайға құрбандыққа шалды. Мәсіх Өзін Құдайға мінсіз құрбандыққа беретін, кемелді бас діни қызметкер болуы керек еді. Бұл Мәсіхтің күнәсіз болатынын және Өзін құрбандыққа беретінін білдіреді, бұдан кейін күнәлардың құны үшін басқа құрбандықтар қажет болмайды.