Sherzat_kk_obs_text_obs/19/18.txt

1 line
570 B
Plaintext
Raw Normal View History

Олардың жек көргендеріне қарамастан пайғамбарлар адамдарға Құдайдың сөзін жеткізіп отырды. Олар халықты теріс жолдарынан қайтып, тәубеге келмесе Құдай оларды құртатынын ескертіп, Оған мойынсұнуға шақырды. Сонымен қатар пайғамбарлар адамдарға Құдайдың Мәсіхті жіберуге уәде бергенін естеріне салып отырды.