Sherzat_kk_obs_text_obs/21/01.txt

1 line
727 B
Plaintext
Raw Normal View History

Құдай осы әлемді жаратқан кезде, болашақта осы жерге Мәсіхті жіберетінін білген еді. Осыны ол Адам ата мен Хауа анаға уәде еткен болатын. Әйелдің ұрпағы жыланның басын мыжиды деген болатын. Сол жылан шайтан болатын. Ол жыланның кейпінде келіп Хауа ананы алдады. Құдай әйелдің ұрпағы жыланның басын мыжиды дегенде, Ол Мәсіхтің осы жерге келіп шайтанды толықтай талқандайтыны туралы айтқан болатын.