Сол кезде Таурат заңын үйретуші бір ғұлама Исаның ұстанған ілімінің қате екенін адамдарға көрсету үшін келді. Сондықтан ол: "Ұстаз, мәңгілік өмірге жетуім үшін не істеуім керек?" — деп сұрағанда, Иса оған: "Таурат заңында не деп жазылған?" — деген сауал қойды.