Sherzat_kk_obs_text_obs/17/04.txt

1 line
1.0 KiB
Plaintext
Raw Normal View History

Халық Дәуітті жақсы көргені соншалық, Саул оны қарсыласы ретінде санап, қызғана бастады. Сонда Саул Дәуітті өлтірмекші болады, ал Дәуіт Саул мен оның нөкерлерінен шөл далаға қашып кетеді. Бірде Саул әскерлерімен Дәуітті іздеп шығады. Олар Дәуіт тығылып жатқан үңгірге кіріп, оны көрмей қалады. Сонда Дәуіт Саулға артынан білдіртпей келіп, оның киімінің шетін кесіп алады. Содан кейін Саул үңгірден шыққанда Дәуіт оны дауыстап шақырып, кесілген киімінің бөлігін көрсетеді. Сонда Саул Дәуіттің оны өлтіріп, патшалығын алып қоятын мүмкіндігі болса да, оны қолданбағанын түсінді.