Sherzat_kk_obs_text_obs/40/02.txt

1 line
674 B
Plaintext
Raw Permalink Normal View History

Исаны Ғолғота, яғни "Маңдайтөбе" деген жерге алып келді. Сол жерде Оны айқыш ағашқа керіп, аяқ-қолдарын шегелеп тастады. Иса аспанға қарап: "Әке, оларды кешіре гөр! Олар не істеп жатқандарын түсінбейді" - деді. Исаны шегелегеннен кейін Оның басынан жоғары айқыш ағашқа бір тақтайшаны бекітіп қойды. Пилаттың әмірі бойынша сол жерде "Яһудейлердің Патшасы" деген жазу болды.