Sherzat_kk_obs_text_obs/17/07.txt

1 line
785 B
Plaintext
Raw Permalink Normal View History

Сол уақытта Натан есімді бір пайғамбар өмір сүрген еді. Құдай оны Дәуітке мына сөздерді айтуға жіберді: "Сен көп соғысқандықтан, Маған арналған киелі үйді салмайсың. Оны сенің ұлың салатын болады. Бірақ Мен сені молынан жарылқаймын. Сенің ұрпағыңнан шыққан Біреу Исраил халқына мәңгі билік құратын болады". Мәңгі билік құра алатын Дәуіттің бірден бір ұрпағы ол - Мәсіх. Мәсіх - бүкіл әлемді күнәдан құтқаратын Құдайдың таңдаулысы.